Заң талабын сақтамай түрмеге тоғытылды
Бас бостандығы шектелген өскемендік тұрғын жазасын өтеу кезінде екі рет қылмыстық, жеті рет әкімшілік құқық бұзушылыққа барып, түрмеге тоғытылды. Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖД солжағалау аудандық пробация қызметі хабарлады.
– «Шартты» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу аясында Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған бір азаматтың бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Негізгі себеп – өткен жылдың ақпан айынан бастап есепте тұрған ол, жазасынөтеу кезеңінде екі ретқылмыстық, жеті рет әкімшілік құқықбұзушылық жасаған. Жазасын өтеу кезінде ешқандай әкімшілік немесе басқада құқық бұзушылыққа бармау жөніндегі құжатқа қол қойғанына қарамастан ол заң талаптарын бұзған, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық ПҚ аға инспекторы Алуа Қамитова.
Жаза тағайындалған күннен бастап бір жылға жетер жетпес уақыт аралығында тоғыз рет заңбұзушылыққа барған қала тұрғыны жазасын ауыстыруға қатысты үкім кесілетін күні сот залының алдынан ізін суытқан. Сол күннен бастап оны іздестіру жұмыстарын бастаған Солжағалау аудандық пробация қызметі үш ай көлемінде сотталған адамды құрықтаған. Оның іс құжаттары Өскемен қалалық №2 сотында қаралып, қалған 7 ай 28 күнін темір тордың ар жағында өткізетін болды.
Азамат Темірбеков