Үржардағы аэропорттың құрылысы қашан аяқталады?
Алакөл жағалауына жыл санап келушілер қатары көбейіп келеді. Шипажайда 170-ке жуық демалыс базасы бар. Былтыр 760 орынға шақталған 13 демалыс базасы ашылды. Бұл туризмнің дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Ресми мәліметке сенсек, кейінгі төрт жылда жағажайдың дамуына 11 миллиард теңге бөлінсе, ағымдағы жылы 6,3 миллиард теңге қарастырылмақ. Оның ішінде 2,7 миллиард теңгесі Үржардағы аэропортқа бөлініп отыр.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Алакөл аэропортының жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонда аэропорттағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады? Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындармен өткен онлайн кездесуде айтып берді.
– Биыл Өскемендегі және Үржардағы аэропорттарды жаңғырту жұмыстары толықтай аяқталуы тиіс. Туризм басқармасына және аудан әкімдеріне, ТҮКШ бөліміне жүргізіліп жатқан жұмыстардың қадағалануын тапсырамын, – деді әкім.
Балауса Мэлсқызы