Аймақтар аухалы

Туристке вирус салқынын тигізбей ме?

Алакөл жағалауында үш  үлкен инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда, үш мың адамға арналған аспан астындағы ашық сахна, төрт  жұлдызды қонақ үй және тағы бір санаторий салынуда.

Өткен жазда  Алакөлдің шығыс  жағалауында 160 мың адам демалған. Биыл өңірдегі туристік салаға әлемді жайлаған коронавирус салқынын тигізбейді дейді мамандар. Керісінше, биылғы маусымда келушілер саны артып, ішкі туризм қарқын алады деген болжам бар. Сондықтан өңірде туризм саласына инвестиция салып, жаңа демалыс орындарын ашып жатқан кәсіпкерлер де аз емес. Тек осы жазда облыста 22 жаңа нысан ашылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Катонқарағай өңірінің туристік әлеуетін арттыру бағытында жұмыстар қолға алынған. Осы бағытта инфрақұрылымды жақсарту және интернетте желісін тарту мәселелері шешілмек. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақовтың айтуынша, облыс тәулігіне 34 мың адамды қабылдауға қауқарлы.

Лаура Тілеубайқызы

Осы айдарда

Back to top button