Біле жүріңіз

«ЦУМ» елуге толады

Осыдан тура жарты ғасыр бұрын, 1973 жылғы 19 ақпанда Өскеменде Орталық әмбебап дүкен ашылды. Жаңа ғимарат алдында бірден ұзын сонар кезек пайда болды, сауда үйінің ашылуы елеулі оқиға еді.

Нысан құрылысы мәскеулік сәулетшілер жобасы бойынша 1970 жылы басталған болатын. Облыстағы ең ірі сауда орталығын салуға 3 миллион сомға жуық қаражат бөлініпті.

Сол жылғы «Коммунизм туы» (қазіргі DIDAR) газетінен дүкеннің ашылуы туралы ақпарат таптық. Мақалада ғимараттың бірінші қабатында музыкалық аспаптар, теледидар мен радио, шаруашылық тауарлар, парфюмерия, екінші қабатта киім-кешек, мата сатылатыны жазылған.

Бір қызығы, жаңа дүкенге 400 сатушы керек болған екен. Бірақ қалада мұнша сауда қызметкері жоқ еді. Сондықтан оларды дайындау үшін алты айлық курстар ұйымдастырылады. Алғашында курсты 180 қыз-келіншек бітіріп шыққан көрінеді.

Айша Кеңесханова,

студент

Осы айдарда

Back to top button