Саясат

Тұрғындармен тілдесті

Парламент Мәжілісінің депутаты Төлеген Ибраев Ұлан ауданы әкімінің аппараты өкілдерімен, аудандық мекемелердің басшыларымен кездесу өткізді.

Тұрғындармен тілдестіКездесуде халық қалаулысы Парламент Мәжілісінің жұмысы, Елбасының жүргізіп отырған саясаты мен биылғы Жолдауы туралы түсінік беріп өтті.

Кездесуден соң Мәжіліс депутаты «Нұр Отан» ХДП-ның Ұлан аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келгендердің дені – зейнеткерлер. Мәселелердің негізі тұрғын үй, жұмыспен қамту, зейнетақы төлемі, мүгедек адамдардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету сияқты тұрмыстық тақырыптағы сұрақтар қамтылды.
Өз кезегінде Төлеген Ибраев кейбір сұрақтардың орындалуын тікелей бақыла-уына алатындығын ескертті.

«Нұр Отан» ХДП
Ұлан аудандық филиалы

Осы айдарда

Back to top button