Жол құрылысыЖолаушы тасымалыШаһар шаруашылығы

Трамвайлардың қозғалысы тоқтайды – Өскемен

Қаладағы трамвай рельстері ауыстырылады.

Осыған байланысты қоғамдық көліктер қозғалысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жолаушылар тасымалын басқару орталығы 6 шілдеден бастап Қазақстан көшесіндегі рельстерді ауыстыру жұмыстарын жалғастыру жоспарланғанын мәлімдеді. Алайда бұл трамвайлар қатынайтын аудандар көліксіз қалады деген сөз емес. Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанша №15 “Өскемен вокзалы-Защита” автобус бағыты ашылады. Аталмыш автобусты қала тұрғындары “Oskemenbus”мобильді қосымшасынан бақылай алады.

Уақытша қатынайтын №15 автобустың бағыттары мынадай: Өскемен вокзалы – Мызы – Қазақстан — Қабанбай батыр — Чехов — Абай — Шәкәрім — Гоголь – Назарбаев даңғылынан Защитаға дейін.

Айта кетелік жол жөндеу жұмыстары бір аптаға созылмақ.

Ынтымақ Толқын

 

 

Осы айдарда

Back to top button