ЖаңалықтарШаһар шаруашылығы

Қала шетіндегі көшеге жол төселуде – Өскемен

Аблакетка шағынауданындағы Байдуков көшесіне асфальт төселуде.

Жөндеу жұмыстары қала әкіміне жүгінген тұрғындардың өтініші бойынша жүзеге асырылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Шілде айының ортасында Аблакетканың тұрғындары Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омармен кездесіп, ауданның мәселелерін жеткізңп, Байдуков көшесін өз көзімен көруді ұсынған еді. Көше тұрғындары жолдың бұзылғаны соншалық, жедел жәрдем де, көмір мен отын жеткізетін көліктер де үйлерге бара алмайтынын айтқан.

-Такси жүргізушілерінің өзі бізге келуден қашады. Мекенжайды айтсақ бірден бармаймыз деп шығады, -дейді көше тұрғындары.

Қала әкімі көшені аралап көргеннен кейін асфальттау мәселесінің шешілетініне уәде берді. Қазір тиісті жұмыстар атқарылуда. “ДСУ-11” мердігерлік ұйымы 795 шаршы метр жол төсемін жөндейді. Болжам бойынша ұйым жөндеу жұмыстарын қазан айында бітірмек.

Ынтымақ Толқын  

 

Осы айдарда

Back to top button