ЖаңалықтарШаһар шаруашылығы

Өскемендегі бірнеше үйдің қасбеті жаңартылуда

Облыс орталығындағы Чехов, Горький және Нұрмағамбетов көшелеріндегі үйлердің қасбеттері жаңартылуда.

Ағымдағы жылы қаланың осы бөлігінде бес көппәтерлі үйдің қасбеттерін жөндеу жоспарлануда. Әкімдіктің мәліметінше, олар түрлі түсті болады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Қалада қасбеттерді жаңарту жұмыстары көктемде басталды. Алдымен Н. Назарбаев даңғылындағы үйлер жөнделді. Қазір мердігерлер С.Нұрмағамбетов, А. Чехов және М. Горький көшелеріне көшті. Алдағы айда жұмыс аяқталады деп ойлаймын. -деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Бұл үйлердің бірінші қабаттарында коммерциялық нысандар орналасқан. Кәсіпкерлерге кондиционерлерді төмен түсіріп, оларды сәндік торлармен жабу туралы ұсыныс айтылды.

Ынтымақ Толқын  

Осы айдарда

Back to top button