ЖаңалықтарШаһар шаруашылығы

Өскеменде қосалқы электр станциясы салынды

Электр қуатының тапшылығын шешу үшін Өскеменде қосалқы станция салынды.

Қазіргі уақытта станцияда техникалық іске қосу жүріп жатыр, деп хабарлайды Didar ақпарат Altaynews-ке сілтеме жасап.

25 мегаваттық қосалқы станцияға болашақта спорт нысандарының артындағы шағын аудан, 27-шағын аудан, Драма театрының артындағы шағын аудан қосылады.

— Біз қазір “Новая” деген қосалқы станцияның жанында тұрмыз. Жылдан жылға Өскемен дамып келе жатыр, жаңа үйлер, жаңа шағын аудандар пайда болып жатыр. Солардың бәрін электр қуатымен қамтамасыз ету керек. Бұл – 25 мегаваттық жаңа станция. Қазір техникалық іске қосу жүріп жатыр. Бұл нысан болашақта спорт нысандарының артындағы шағын ауданды, салынып жатқан көтерме сауда орталығын, 27-шағын аудандағы жер үйлерді, Драма театрының артындағы шағын ауданды тұрақты электр қуатымен қамту үшін қажет.  Бұл станцияның ерекшелігі — Тәуелсіздік алғалы бері ШҚО-да салынған 25 мегаваттық бірінші станция. Бұл экономика үшін де, даму үшін де өте қажет нысан. Осы станцияның құрылысын толық аяқтап, іске қосқаннан кейін оны «Бірлескен энергия сервистік компаниясына» қолданысқа береміз, -деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Дерекке сүйенсек, бұл нысан бюджет қаражатына салынған. Сонымен қатар, қала әкімі алдағы уақытқа тағы бір қосалқы станцияның құрылысы жоспарланғанын айтты.

Осы айдарда

Back to top button