Жол құрылысыЖолаушы тасымалыШаһар шаруашылығы

Өскемен: трамвай паркіндегі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Қала әкімі трамвай паркінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылап қайтты.

Жоспар бойынша вагондарға техникалық қызмет көрсету цехын жөндеу 12 тамызда аяқталуы керек, деп хабарлайды Didar ақпарат.

1959 жылы салынған екі қабатты цех ғимаратын жөндеуге бюджеттен 67 миллион теңге бөлінген. Апатты жағдайда тұрған нысанды жөндеу жұмыстары екі ай бойы жүргізілуде.

– Ғимараттың қабырғасы дайын. Ал шатырдағы жұмыстар 70 пайызға орындалды, -дейді “ВК Строй Плюс” ЖШС мердігерлік ұйымының директоры Сергей Круглов.

Аталмыш орындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны шаһар басшысының көңілінен шықпады.

– Кесте бойынша жұмыстарды 12 тамызда аяқтау керек. Жұмыс қарқынын үдеткен жөн. Біз адамдардың жақсы жұмыс орнын мүмкіндігінше тез алуын қамтамасыз етуіміз керек, -деді Жақсылық Омар.

Ынтымақ Толқын

 

Осы айдарда

Back to top button