Біле жүріңіз

Төртінші ұялы байланыс операторы қосылуы мүмкін

Еліміздің ұялы байланыс нарығында үш оператор ғана бар – Kcell, Tele2, Beeline.

Жуықта төртінші ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпаратынша, жыл соңына дейін радиожиілік спектрін тарату бойынша аукцион өтеді. Оған барлық ниет білдірген компаниялар қатыса алады.

– Аукционға қатысу туралы шешім ұялы байланыс нарығындағы белсенді қатысушылардың өздеріне байланысты, – деп хабарлайды агенттік.

Қазіргі кезде атаусыз радиожиілік спектріндегі аукциондарға қатысу мүмкін емес. Сондықтан кез келген компания ұялы байланыс операторы ретінде мәртебесі жоқ болса, жиіліктерді сатып ала алмайды. Бұл жолғы аукцион осы келеңсіздікті реттеуге бағытталған. Сарапшылар пікірінше, төртінші оператор рөліне ең ықтимал кандидат – «Транстелеком».

Алтай Ғали-Асқар

 

Осы айдарда

Back to top button