Біле жүріңіз

ТОКИО-2020: Медальдар қалдық заттардан жасалған

«Токио-2020» олимпиадасында қолданылған медальдар қалдық заттардан жасалған.

Жарысты ұйымдастырып отырған Жапония мемлекеті Токио халқынан қолданыстан шыққан,ескі телефон мен компьютерлерін және сол секілді электронды құрылғыларын мемлекетке өткізуді өтінген. Нәтижесінде халықтың 90 пайызы кәдеге жарамсыз деп есептеген бұйымдарын тапсырған.

– Электронды құрылғылардың кейбір микросхемаларының құрамында құнды металдар болады. Біз соны жаратуды көздедік.Елден 4850 тонна қалдық телефон мен басқа да құрылғылар жиналған. Қалдықтардан 32 келі алтын, 3500 келі күміс және 2400 келі мыс шыққан. Содан олимпиадаға қолданған барлық 5000 медаль құйылды, – деді ұйымдастырушылар комитетінің өкілі Юки Арата.

Оның айтуы бойынша, жеңімпаздарға арналған тұғырлар қайта өңделген пластиктен жасалған. Ал олимпиада қалашығының ішінде спортшы мен журналистерді тасымалдайтын көліктің бәрі электр қуатымен жүреді. Мұның барлығы экологияға зиян келтірмеу мақсатында істеліп жатыр.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button