Біле жүріңіз

Текті білу – тектілік

Мейрамтай Иманғали

Ататегіңді білу  асыл қасиет. Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана «Ататек» атты жобаны қолға алды. Жоба аясында кез келген оқырман  көмек сұрай алады. Ең бастысы, шежірені зерттеуге деген ниет болсын.

 Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қатаң құқықтық ереже. Дүниеге келер ұрпақтың қан тазалығы мен денінің саулығын сақтау мақсатында жеті атаға дейін қан араластырмау шарты бұрыннан қалыптасқан. Бұл – физиологиялық және психологиялық ауытқуды және ауруды тудыратын генетикалық өзгерістердің алдын алу үшін жасалған сақтық шарасы, – дейді жоба жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Айтуынша, осы жоба аясында оқырмандар өзінің шежіресін зерттеуді, ақпаратты қалай іздеу керектігін және ғаламтор желілерін зерделеуді үйренбек. Әрине, зерттеу барысындағы негізгі құрал – шежіре кітаптары.

Бір атап айтарлығы, бұл жоба тек өзінің ататегін білуге қызығушылық танытып, ізденіс білдірген оқырмандарға бағытталған.

 

 

Осы айдарда

Back to top button