Өңірлік даму

Тарбағатайға интернет тартыла ма?

ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы онлайн есеп беру кездесуінде облыс тұрғындарын алаңдатқан сауалдарға жауап берді.

Тарбағатай ауданына қарасты Қабанбай ауылының тұрғыны Эльвира Көкебаева ауылда мобильді интернет мүлде нашар екенін, оқушылардың онлайн білім алуына интернеттің кедергі келтіретінін айтты. Бұл мәселе шешіле ме?

– Интернет желісінің сапасын арттыру мақсатында облыста кең жолақты мобильді байланыс тартылып жатыр. Экономика министрлігі осы жылдың соңына дейін кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін 55 ауылды, оның ішінде Тарбағатай ауданына қарасты 10 ауыл бар. Біз қосымша тағы да 137 ауылды, оның ішінде Тарбағайдың 14 ауылын интернетпен қамтамыз ету бойынша ұсыныстар жібердік. Өткен жылы Қабанбай ауылының мемелекеттік мекемелеріне дейін талшықты-оптикалық желі тартылған. Биыл ауыл тұрғындары жоғары жылдамдықты 4G интернетімен қамтамасыз етіледі. Жұмыс ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталатын болады, – деді облыс әкімі.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button