Сырым Шәріпханов төтенше жағдайлар министрі болып сайланды
Елімізде төтенше жағдайлар министрі ауысты.
Юрий Ильин Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Didar ақпарат Ақордаға сілтеме жасап.
-Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды, – делінген Жарлықта.
Юрий Ильиннің орнына Сырым Шәріпханов тағайындалды.
-Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Жарлықта.
Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы 1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Қазан қаласындағы М.Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін тәмамдады. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор. Ол еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.
Ынтымақ Толқын