Шығыс Қазақстан облыс әкімдіктері арасында тағы да көш бастады

Сарапшылардың бағалауына сәйкес аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ бастаған Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі тағы да 2014 жылдың үздік облыс әкімдігі болып танылды.
Осы жылдың сәуір айында «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің биылғы алғашқы тоқсандағы жұмыс сапасына барынша шынайы баға беру үшін сарапшылар арасында сауалнама жүргізген болатын.
«2013 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда әкімдер жұмысын бағалау өлшемдерінің градациясы көп өзгерген жоқ. Сарапшылар жергілікті биліктің саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауы мен өңірдің экономикалық дамудағы табыстарын әкімдер жұмысының басты индикаторы ретінде бағалады» делінген сауалнамада.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар айында «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің 2013 жылдағы жұмыс сапасына барынша объективті баға беру үшін сарапшылар арасында сауалнама жүргізген-ді. Әкімдіктер жұмысы 11 өлшем бойынша бағаланды. Сарапшылар жергілікті биліктің саяси тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік және еңбек дауларын азайту қабілеттерін маңызды деп тапқан-ды. Екінші кезекте өңірдің экономикалық дамудағы табыстары, үшінші кезекте шағын бизнестің өркендеуі, аймақтық әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуы және аймақ әлеуетінің дамуы қарастырылған-ды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы (Бердібек САПАРБАЕВ) мүмкін болар 7 балдан 4,25 балды иеленген еді. Соңғы сауалнама қорытындысында бұл көрсеткіш 4,02 балды құрады. Рейтингте одан кейінгі орындарды мынадай облыс әкімдіктері иеленді – Қызылорда (Қырымбек Көшербаев) – 4,01 балл және Павлодар (Қанат Бозымбаев) – 3,80 балл.
Шығыс-Ақпарат