Ынтымақтастық

Шыңжаңмен байланыс беки түспек

Аймақ басшысы Даниал Ахметов «Қазақстан – Қытай ынтымақтастығының достық диалогы» форумына қатысты. Жиында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен алдағы ынтымақтастықтың негізгі тұстары белгіленді.

– Ежелден шекаралас аймақтармыз, жақсы көршілерміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» мемлекет басшыларының саммитінде елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықтың ерекше қарқынмен дамып келе жатқанын атаған болатын. Бүгінде Шығыс Қазақстан мен Қытай – сенімді серіктестер, – деді облыс әкімі.

Өңірде ортақ 39 кәсіпорын жұмыс істейді, өткен жылы Қытай атом-электр стансалары үшін жылу бөлгіш құрамалар шығаратын зауыт пайдалануға берілді. Энергетика, ауыл шаруашылығы, сауда, туризм саласындағы жобалар табысты іске асуда.

– Диалог алаңы қытайлық серіктестермен іскерлік байланысымызды арттыруға мүмкіндік беріп, инвестиция тарту үшін қосымша жағдай туғызып отыр, – деді аймақ басшысы.

Форум соңында Шығыс Қазақстан мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

Ержан Әбіш

 

Осы айдарда

Back to top button