Ынтымақтастық

Қытаймен алыс-беріс артады

Өңірімізде Қытайға экспортталатын өнімдерді сертификаттауға мүмкіндік беретін зертхананың құрылысы аяқталып отыр. Бұл туралы Қытайдың Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй ханыммен өткізген кездесуінде аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әлеуеті, перспективалы жобалары, оның ішінде қазір жұмыс істеп тұрған, Қытаймен бірлесе салынған жылу бөлгіш құрамалар шығаратын зауыт туралы ақпарат берді. Біздің шекаралас өңірлеріміздің тауар айналымы былтыр 920 миллион долларға жеткен.

Қытай тарапы агрокешен, өнеркәсіп, білім, медицина, туризм, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

– Бұл ретте Майқапшағай – Жеменей өткелінің және Аягөз – Тачен теміржол жобасының әлеуеті зор. Сондай-ақ біз зертхана құрылысын аяқтадық, оны іске қосу Қытайға экспортталатын өнімдерді сертификаттауға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі.

Жалпы, кездесудің өзара ынтымақтастықты арттыру сипатында өткенін атап өткен жөн.

 Didar ақпарат

 

Осы айдарда

Back to top button