Біле жүріңіз

Шығыста “Роlice 102” бағдарламасы іске қосылды

*Еліміздің шығысында «Police 102» мобильді қосымшасы іске қосылды.*

Шығысқазақстандықтар құқық бұзушылықтар туралы өздерінің арыздары мен хабарламаларын қасқағым сәтте смартфон арқылы жолдай алады.

Облыс департаментінің бөлімшелерінде азаматтардың өтініштерін қабылауға арналған 40 жұмыс орны әзірленді. Аталған бағдарламаны орнату өте оңай, Android жүйесіндегі смартфондар үшін «Play Mapкет» және IOS жүйесіндегі смартфондар үшін «App Store» қосымшасы арқылы жүктеуге болады. Экранның жұмыс панелінде «102» белгісі пайда болады. Пайдаланушы өз атымен тіркеледі және өзінің жеке басын қолжетімді тәсілдер (электрондық пошта, телефон нөмірі ) арқылы растайды.

Оператормен қосылу барысында автоматты түрде геолакция қосылады және өтініш беруші туралы деректер шығады.

«Police 102» мобильді қосымшасы арқылы оқиға орнында түсірілген фото немесе видео жіберуге болады.

Сондай-ақ бейне/аудио қоңырау шалу мүмкіндігі бар. ШҚО полиция қызметкерлері өтініштер мен арыздарды онлайн режимде қабылдауға толықтай дайын.

Аталмыш қосымша пилоттық режимде сынақтан өтті. Екі апта ішінде полицияға 102 мобильді қосымшасы арқылы 7 өтініш келіп түсті, оның басым бөлігі жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарға қатысты.

Жаңа сервисте азаматтар полицияға тәулік бойы жүгіне алады.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button