Өңірлік даму

Шығыста күніне мың тонна май өндіретін тағы бір зауыт ашылады

Глубокое ауданының Предгорное ауылында күніне мың тонна күнбағыс майын өндіретін кешен құрылысы қызу жүргізілуде. 

Ауқымды инвестициялық жобаны Предгорное элеваторының базасында орналасқан «Алтын шығыс» кәсіпорны іске асыруда. Автоматтандырылған мультидақылды май экстракциялау кешені күн сайын мың тоннадан астам күнбағыс майын шығаруды мақсат етеді. Жалпы құны 28 млрд. теңгені құрайтын кешеннің инфрақұрылымын жеткізу, яғни сумен және электр энергиясымен жабдықтау «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта мұнда күнбағыс майын қайта өңдейтін, қабығы аршылған күнбағыс дәнін өндіретін құрылғы сынақ режимінде жұмысын бастап, цехты іске қосу, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, қабығы аршылған күнбағыс дәнін өңдеу цехының ғимараты салынды. Сондай-ақ, бес ғимараттың бетон іргетасы құйылып, төрт ғимараттың астына қазаншұңқырлар қазылды. Ал күнбағысты толыққанды өңдейтін екі нысанның құрылысы келесі жылы іске асырылатын болады.

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button