Білім

Ұстаздар шетінен өнерлі екен

Көркемөнерпаздар байқауының әрбір концертін көкпектілік өнерсүйер қауым асыға күтеді.

Ұстаздар шетінен өнерлі екенАуданның мәдени тынысына жаңа леп әкелген бұл бастама осымен екінші жыл өткізіліп отыр. Биыл көктем шыға бастау алған шара мекемелер мен ұйымдар арасындағы бәсекелестіктің көрігін қыздыра түсуде.

Көкпекті мәдениет үйі. Зал толған көрермен. Семей полигонының қасіретін бейнелеген «Мәңгілік бала бейне» драмасын жеткізген Шайжүнісов орта мектебінің мұғалімі Динара Тайлақбаева болды. Сонымен қатар мазмұнды термелер, сахналық көріністер мен қойылымдар, әсем ән мен мың бұралған би сыйлаған ұстаздар өнері көпшіліктің көңілінен ерекше орын алды.

Бұл өнер кешінің заңды жалғасы басқа да ұйымдар мен мекемелердің алдағы уақытта қоятын концерті болмақ.

Эльмира Тайырқызы
Көкпекті ауданы

Осы айдарда

Back to top button