Біле жүріңіз

ШЕШЕКТЕ ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛМАҚ

Өскеменнің жанындағы Шешек асуының бөктерінде «ЖаңаТау» атты қысқы демалыс базасы ашылмақ.

Кешен басшысы Ержан Есеновтің айтуынша, демалыс базасындағы тюбингтер – үрлемелі шаналар трассасы таяу күндері жұмыс істей бастайды. Тек қардың қалыңдай түсуін күтіп отыр. Биыл спорттық кешеннің тюбингтер трассасы мен аспалы арқан жолы (канатная дорога) ғана жұмыс істемек. Аспалы арқан жолдың ұзындығы – 180 метр, тюбинг трассасының ұзындығы – 250 метр. Аумағы 1,2 және 1,35 гектар жерді алатын демалыс орнында келер жылы тау шаңғысы трассасы ашылады. Әзірге мұнда әжетхана мен автотұрақ қана бар.

Кәсіпкер қысқы демалыс кешенін жыл бойы жұмыс істейтін демалыс базасына айналдыруды көздеп отыр. Осы жерден велосипед тебетін, атпен серуендейтін, шыңға өрмелеп шығатын спорт түрлерін, ашық аспан астындағы бассейн ашпақшы.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button