Саясат

Съезге қатысатын делегаттар құрамы сайланды

Съезге қатысатын делегаттар құрамы сайланды

Өскеменде облыс әкімі Даниал АХМЕТОВТІҢ төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
Саяси кеңес отырысында 29-қаңтарда Астанада өтетін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезінің делегаттарын сайлау туралы мәселе қарастырылды.
Іс-шараға партияның облыстық және аумақтық филиалдары саяси кеңестерінің мүшелері, мәслихаттар депутаттары, өңірдегі бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты.
«Нұр Отан» партиясы ХVІІ съезінің жұмысына қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысынан 44 делегат сайланды.
Делегаттар құрамына мәслихаттардағы партияның депутаттық фракцияларының жетекшілері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, сондай-ақ, партия ардагерлері мен белсенділері енді.
– Біз партияның тарихи съезіне қатысатын делегаттар тізімін бекіттік. Сіздермен бірлесе отырып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВТЫҢ алдымызға қойып отырған асқаралы міндеттерін іске асыратынымызға кәміл сенемін, – деп атап өтті облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Даниал АХМЕТОВ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button