Саясат

Сенат депутаты Зайсанда болды

Сенатор Сергей Плотников іссапарын Зайсан қаласындағы жаңа саябаққа көшет егуден бастады. Содан кейін қалада құрылысы басталатын алпыс пәтерлік тұрғын үй тағанының алғашқы қалыбын құйды. Құрылысшылармен жүздесіп, жұмыс барысымен танысты.

Сенат депутаты Зайсанда болдыАудандық ауруханаға ат басын тіреген Сергей Плотников жақында республикалық бюджет есебінен 85 миллион теңгеге алынған жылжымалы мамандандырылған кешенді көріп, шағын диагностикалық орталықтың жұмысымен танысты. Аудан әкімі Серік Зайнулдин қаладағы емхананың бұрынғы балабақша ғимаратына орналасқанын, Зай-санда жаңа емхана салынса, балабақша мәселесі шешілетінін хабардар етті.

Түстен кейін сенатор аудан активімен кездесті. Аудан әкімі әлеуметтік-экономи-калық көрсеткіштер, атқарылып жатқан істер туралы атап айтты. Қаладағы Сауыр шағын ауданындағы балалардың жаңа мектепке мұқтаж екенін, қалада жаңа мектеп пен интернат салу керек екенін жеткізді. Сенат депутаты өз кезегінде ауданда көптеген игі істерге куәгер болғанын айтып, Зайсан қаласының жаңарып, жасарып кеткенін атап көрсетті.

Активтен кейін Сергей Плотников қа-ладағы Гагарин атындағы орта мектепке барып, оқушылар қолымен жасалған көрмені тамашалады, жылыжайда болды. Содан кейін «СМУ-Шығыс» ЖШС салып жатқан темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытты аралап, оның басшысы Қуат Абжановпен кездесті.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button