Көнерген сөз көмбесі
Сабадар – бас қымызшы, қымыз құюшы
КӨНЕРГЕН СӨЗ КӨМБЕСІ
Сабадар – бас қымызшы, қымыз құюшы
Бұтырлық – батырлардың аяғына киетін қорғаныс киімі.
Тауша – там үйдің қабырғасындағы ыдыс-аяқ қоятын қуыс.
Құяр – шайқаста аттың маңдайы мен сауырын қорғауға арналған жамылғы.
Сабадар – бас қымызшы, қымыз құюшы.
Бақса – балшық-тан соғылған дуал, қабырға.
Шырмауық – қамшының сабына ораған мыс немесе алтын жалатқан сым әшекей. «Бүлдіргесі бұлан терісі, өрімі құнан білдің қайысы, шырмауығы алтын, сабы жез». (Доспамбет жырау).
Керте – малға шөп салатын ақыр, опық.
Шетін – 1.Осал, нәзік, нашар. 2.Ерсі, оғаш, ерекше.
Әзірлеген –
Бодаухан Тоқанұлы