Саясат

Риддерде балабақшаға кезек болмайды

Риддерде балабақшаға кезек болмайды

Биыл Риддерде төрт балабақша іске қосылып, тағы біреуінің құрылысы жүріп жатыр. Соның арқасында кеншілер шаћарында балабақша кезегі толық жойылады. Бұған қала басшылығы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін жаңадан ашу арқылы қол жеткізуде.
Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Гоголь-Свердлов көшелері қиылысында құны 244 млн. теңгені құрайтын 160 орындық балабақша қолданысқа берілді. Оған қоса мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 420 және 80 орынға арналған «Нұрбөбек» пен «Балалар ғаламшары» атты екі тәрбие ошағы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.
Ағымдағы жылы балғындарды қабылдаған 280 орындық «Достық» балабақшасына қазір 80 тәрбиеленуші барып жүр.
Бұлардан бөлек биыл 280 орынға шақталған жобалық құны 619,6 млн. теңгені құрайтын тағы бір мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінің құрылысы басталған. Келесі жылы аяқталады. Осының бәрін есептегенде, келер жылдан бастап Риддер қаласында балабақша кезегі атымен жоғалады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button