Саясат

Президенттікке үміткерлер сайлаушылармен жүздесті

Президенттікке үміткерлер сайлаушылармен жүздесті

Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысына келді. Бұл жерде олар ұлт Көшбасшысы жақтастарының Форумына қатысты, облыс белсенділерімен, Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен «ШевронМұнайГазИнк» компаниясының қызметкерлерімен кездесті.
Алдағы сайлауда Елбасыға өз қолдауларын білдіру үшін «Жайық» спорт сарайына облыстың мыңдаған тұрғындары жиналды. Сөйлеген сөздерінде олар Қазақстанның табысты дамып жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді. Одан әрі Салтанат сарайында РҚШ мүшелерінің Атырау облысының еңбек ардагерлерімен кездесуі болды.
Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өңірдің құрметті тұрғыны Ілия Жақанов өз сөзінде Мемлекет басшысы саясатының әлеуметтік-экономикалық қана емес, сондай-ақ мәдени саладағы табысты дамуға да бағытталғанын қадап айтты. Өз кезегінде еңбек ардагері Любовь Монастырская бүгінгі қазақстандықтардың ынтымағы жарасқан бір үлкен отбасы болуына Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан қызметінің зор екенін атап өтті.
Түстен кейін РҚШ мүшелері Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерімен жүздесті. Зауыт жұмысшылары да Еңбек Адамын қолдағаны үшін Елбасына алғыс айтты.
Ұжымның атынан зауыт қызметкері Әлфия Гумерова сөз сөйледі. Ол еңбек адамының қажеттілігін Мемлекет басшысының біреулерден есту арқылы ғана білмейтінін және еліміздегі барлық еңбеккерлердің оның қамқорлығын сезетінін атап өтті.
«Елбасы біздің аймақтың дамуына әрқашанда ерекше көңіл бөлді. Бүгінгі күні біздің зауытта екі көлемді инвестжоба – хош иістелген көмірсутегін өндіру және тереңде өңделетін мұнай өнімдерін өндіру іске асырылуда. Зауыт заманауи үлгілер бойынша жабдықталған, жаңа технологиялар енгізілуде. Біздің аймаққа көптеген миллиард инвестициялар тартқан Нұрсұлтан Назарбаев болмағанда, осының бірі де болмас еді», – деп атап айтты Ә.Гумерова.
Кездесулер барысында Атырау облысының халқы алдағы сайлауда өздерінің Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіндерін бірауыздан мәлімдеді.

Президенттікке үміткерлер сайлаушылармен жүздесті

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ұсынған Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов Орал қаласында Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде студенттермен және оқытушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Президенттікке кандидат партия жұмысы мен өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы – коммунистік идеяны ұстанатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Біздің жұмысымыз қоғамдық дамудың тұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизм идеясына негізделіп құрылған. Біз өз жұмысымызды әділ қоғам туралы марксистік-лениндік түсініктерді сақтай отырып құруға және осы арқылы әділетсіз тұстарын жоюға тырысамыз»,- деді Президенттікке кандидат.
Соңғы жылдары халықаралық ұйымдардың диетологтары дабыл қағуда.Т.Сыздықовтың айтуынша, фаст-фудпен қатар тұтынушылардың денсаулығына түрлі газдалған сусындар да кері әсерін тигізуде. Кейбір сусындардың құрамы Менделеев кестесін елестетіп, адамның ас қорыту жүйесінде кері химиялық әсер береді.
Т.Сыздықовтың ойынша, әсіресе, батыстық мультфильмдер және компьютерлік ойындар көңілге кірбің ұялатады.Телевизор және гаджеттердің экрандарынан тек қана арамзалық, азғындық және мәдениетсіздік төгілуде.
Кездесу соңында президенттікке кандидат Т.Сыздықов студенттер және оқытушылардың кейбір сұрақтарына жауап беріп, өзінің алдағы сайлауалды жұмыс жоспарымен бөлісті.Одан әрі кездесу барысында облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі С.Жарылғасымов сөз алып, қысқаша түрде сайлауалды науқанның насихат жұмыстары және іс-шаралар туралы айтып берді.
Кеше Президенттікке үміткер Т.Сыздықовтың Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстық сайлауалды штабтары өткізген іс-шаралары туралы баяндап берді.
Өскеменде кандидаттың сайлаушыларымен екі кездесуі өтті. Кездесуде Тұрғын Сыздықов сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды және сұрақтарға жауап берді. Кандидаттың сенімді тұлғалары тұрғындар арасында насихат жұмыстарын жүргізуде.
«Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындағын батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде, – делінген кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында.
Бұл күні Қарағанды қаласында да батыстық өмір құндылықтары туралы сөз қозғалды.

Президенттікке үміткерлер сайлаушылармен жүздесті

Президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайынов Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов мекеме жұмысшыларын өз сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Ә.Құсайынов атап өткендей, экологиялық проблемалар күрделі әрі өзекті болып табылады.

«Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының бәрі – табиғат, біздің өмір сүріп жатқан ортақ әлеміміз. Технология ілгері дамыған сайын «жасыл» орта осалданып барады.
Табиғат ресурстарын мақсатты әрі жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, мемлекеттік бақылаудың жоспарлы жүйесін енгізу ең басты міндетімізге айналуы тиіс», – деп атап өтті Ә.Құсайынов.
Кандидат 19-ғасырдың соңынан бері әрбір жаңа онжылдық алдыңғысына қарағанда жылынып бара жатқанын мәлім етті. 20-ғасырдан бері орташа ауа температурасы 0,74 градусқа өсті. Мұның үштен екі бөлігі соңғы отыз жылға тиесілі. Тұрақты температуралық көрсеткіш ғасырлар бойы сақталып келген табиғат үшін бұл үлкен өзгеріс», – деді Әбілғазы Құсайынов.
Көптеген елдерде жасыл технология өндіріске енгізілмей келеді, тіпті, оны жатырқап отырғандар қаншама. Табиғи ресурстар кешенін біріктіретін ортақ термин – экологияны күйзеліске ұшыратқан мұндай күрделі жағдай амалсыз ертеңгі күнің туралы алаңдатады.
Өз сөзінде Ә.Құсайынов әрбір азаматты экология мәселесіне белсене араласуға шақырды. Экологиялық тепе-теңдікті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау идеясын насихаттауда азаматтық қоғам өкілдерінің рөлі орасан. Қоғамдық ұйымдар бұл жұмысқа білек сыбанып кірісуі керек.
Экология мен табиғатты қорғау мәселесінде азаматтық белсенділікті дамыту қажет.
Адамдар саналы түрде экологиялық тепе-теңдікті сақтап, табиғаттың шынайы келбетін сақтау қажеттілігін сезінулері керек.
Сонымен қатар, колледж ұжымымен кездесуде Ә.Құсайыновтың республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сөз сөйледі.
Р.Жоламан экологиялық проблемалардың өзектілігі мен оларды дер кезінде шешудің маңыздылығына тоқталды.

Осы айдарда

Back to top button