Жолдау жол нұсқайды

Президенттің Жолдауы бойынша нақты міндеттер талқыланды – ШҚО

Бүгін ШҚО-ның қала және аудан әкімдері аймақтағы басқарма басшыларымен ой-талқы жүргізді.

Басшылар баяндамалардан және Президент Қ. Тоқаевтың жақында ғана халыққа жасаған Жолдауының тезистерін атап шығудан бас тартып, оның орнына құжат стратегиясын жүзеге асыру кезінде пайда болатын нақты міндеттерді талқылады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Маңызды кездесуде облыс әкімі Ермек Көшербаев жиналғандардан Президенттің Жолдауында айтылған міндеттер мен бастамаларды жүзеге асыру бойынша Шығыс Қазақстанда қабылданатын нақты қадамдарды бірден белгілеуді сұрады.

Жолдауды іске асыруға бағытталған іс-шараларды талқылай отырып, әркім өз саласы мен жауапты учаскесі бойынша өңірдегі жобаларды жүзеге асыруға қатысты ойлары және идеялармен бөлісті.

 

Осы айдарда

Back to top button