Жолдау жол нұсқайды

Ел азаматтарының көкейінде жүрген түйіткілді мәселелердің түйіні айтылды – Байтақ Апшикурұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Жер туралы ғылымдар мектебінің профессоры Байтақ Апшикурұлы:

– Президенттің Жолдауында ел азаматтарының көкейінде жүрген түйіткілді мәселелердің түйіні айтылып, сара жол көрсетілді. Осының ішінде жерге қатысты айтқанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, тау-кен секторын жаңғыртуға назар аударды. Ірі инвесторларды тартқан кезде, барлау жұмыстарын өз қаражатына жүргізетін инвесторларға басымдық берілмек. Бұл бір жағынан, мемлекеттің экономикасына салмақ түсірмесе, екіншіден, халықтың көкейіндегі мәселені де шешеді. Президент жобаларды келісуге қажетті рәсімдер мен оның мерзімін кешенді мемлекеттік сараптама жасау және толық цифрландыру тәсілін енгізу арқылы екі есе азайтуға болатынын айтты. Қазір еліміздің 1,5 миллион шаршы шақырым аумағына геологиялық және геофизикалық барлау жасалған. 2026 жылға қарай оның көлемін кемінде 2 миллион 200 мыңға жеткізу туралы Үкімет алдына тапсырма қойылды. «Жаңа заманның мұнайына» айналған сирек және жерде сирек кездесетін металл кеніштерін игеру басты бағыттың бірі болуы керек. Өзінің осы саладағы әлеуетін аша алған елдер келешекте бүкіл әлемнің технологиялық даму бағдарын айқындайтын болады.

Осы айдарда

Back to top button