Жолдау жол нұсқайды

Аграрлық салаға тың серпін керек – Әсел Апышева

Президент жолдауында агроөнеркәсіп кешеніне иновациялық технологияларды енгізу керектігін ерекше атап өтті. Аграрлық саланы алға оздыру міндетін қойды. Ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандар қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінде серпіліс жасау үшін бірқатар міндеттерді атады.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ бизнес және құқық жоғары мектебінің деканы Әсел Апышева Жолдауға қатысты өз пікірін білдірді:
– Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет», – деді Тоқаев. Иә, аграрлық салаға тың серпін керек. Евразия құрлығында басты агарлық орталық болуымыз керек екенін мүмкінідігімізге қарап айтқаны белгілі. Жолдауда алдағы өзгерістердің маңызы көрсетілген. Барлық бастамалар егжей-тегжейлі есептеулер мен зерттеулерге негізделіп жасалғаны көрініп тұр. Бізге Президент айтқандай сөзден нақты іске көшетін кез әлдеқашан келді. Ауыл шаруашылығы саласындағы техниканың 80 пайызы ескіргенін. Президент жайдан-жай айтқан жоқ. Ескіргендіктен жиі сынатын техникамен шаруалар қалай ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ. Агросекторды қайта түлетуге теңдессіз мүмкіндік туып тұрғанын жеткізді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы, заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы құрдымға кетеді деп баса айтты. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет.

Осы айдарда

Back to top button