Саясат

Плзень өлкесімен байланысымыз нығая түседі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бастаған қазақстандық делегация 23-24 қазан күндері Чехия еліне ресми сапарпен барғаны белгілі. Делегация құрамында аймақ басшыларынан тек Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ болды.

Плзень өлкесімен байланысымыз нығая түседіКеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Чехия Республикасының Президенті Вацлав Клаус Қазақстан Чехия бизнес-форумының ашылуына қатысты Мемлекет басшысы Чехия Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы маңызды сауда серіктестігі екенін атап өтті.

Бизнес-форумда 250 млн. доллардан астам қаржыны құрайтын ондаған жаңа коммерциялық жобаларға қол қойылды. Келешекте бірлесіп іске асыратын шаралардың қатарында біздің облыс пен Чехияның Плзень өлкесі арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер де бар. Бұл келісімге аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ қол қойды.

Естеріңізге салсақ, облыс орталығы – Өскемендегі «Азия-Авто» АҚ компаниясы чех әріптестерімен бірге «Skoda» автокөліктерін құрастыруды жүзеге асыра отырып, ынтымақтастықта ерекше табысқа қол жеткізуде. Бұнымен қоса Чехияға шүмектер, вентильдер, құбырларға арналған құралдар экспортталады, ал біздің кәсіпорындар чех бульдозерлерін, экскаваторлар, автокөліктердің қосалқы бөлшектері мен құрал-саймандарын, тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтарды және тағы да басқа заттарды сатып алады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button