Саясат

Оқыту төрт кезеңнен тұрады

Оқыту төрт кезеңнен тұрады


Облыста Президент сайлауына орай сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтер жүйелі түрдеұйымдастырылуда. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев «Дидарға» берген сұхбатында атап көрсетті.

– Ерсайын Ахметуәлиұлы, маңызды саяси науқан – ел Президентінің сайлауы жақындап келеді. Өңірімізде сайлауға дайындық және оны өткізу іс-шаралары қалай ұйымдастырылуда? Облыстақанша сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады?

– Ел Президентінің биылғы 9 сәуірдегі №18 Жарлығына сәйкес Президенттің кезектен тыс сайлауы 9 маусымға белгілен-ді.Қазақстанда сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары – сайлау комиссиялары.

Осы жылғы 10 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы Президенттің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті. Біздің өңірде аталмыш жоспарды облыстық аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. Өңірде 1040 сайлау комиссиясы құрылған, оларда 6910 комиссия мүшесі жұмыс істейді.

–Сайлау процесінің ұйымдастырушылары қалай оқытылады?Оқытудың әдіс-тәсілдері мен бағыттары қандай?

– Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесінің барлық ұйымдастырушыларын оқытуды өзіне міндет етіпотыр.Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы осы міндеттерді каскадты технология әдісін қолдану арқылымына бағыттар бойынша жүзеге асырады.

Олар – Орталық сайлау комиссиясы жүйесі бойынша қашықтықтан оқыту және тестілеу (ҚОТ), Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы базасында оқыту, облыстық сайлау комиссиясы мүшелері және Орталық сайлау комиссиясы сертификатталған жаттықтырушылары жүргізетінкөшпеліоқыту семинарларын өткізу, жергілікті жерлердегі, яғни қалалар мен аудандардағыаумақтық сайлау комиссияларының сертификатталған мүшелері жүргізетін оқыту семинарларын өткізу, сонымен қатарбейнебайланыс режиміндеОрталық сайлау комиссиясының фильмін пайдалана отырып, талдау және болжау институты және облыстық сайлау комиссиясының сертификатталған мүшелері жүргізетін оқыту семинарларын өткізу.

– Оқыту барысы неше кезеңнен тұрады? Мерзімдері қандай және кімдер оқытылатын болды?

– Оқыту жалпы төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде – 15 сәуірге дейін қашықтықтан оқыту және тестілеу жүйесі арқылы және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыс бойынша филиалының базасында сертификаттарды бере отырып, аумақтық сайлау комиссияларының босатылған 40 мүшесі оқытылды.

Екінші кезеңде – 30 мамырға дейін, яғни қазіргі кезде қашықтықтан оқыту және тестілеу жүйесі арқылы және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыс бойынша филиалының базасында сертификаттарды бере отырып, аумақтық сайлау комиссияларының босатылмаған 100 мүшесі оқытылуда.

Үшінші кезеңде – 15 мамырға дейін 3120 босатылмаған учаскелік сайлау комиссияларытөрағалары, орынбасарлары және хатшыларықашықтықтан оқыту және тестілеужүйесі арқылы, сонымен қатар облыстық сайлау комиссия мүшелері және Орталық сайлау комиссиясының сертификатталған жаттықтырушылары өткізген көшпелі отырыстық оқыту семинарларыарқылы, сондай-ақ қалалар мен аудандардағы аумақтық сайлау комиссияларының сертификатталған мүшелері өткізген оқыту семинарлары арқылы оқытылды.

16 мамырдан бастап оқудың төртінші кезеңі басталды. Бұл кезеңдеОрталық сайлау комиссиясының сертификатталған жаттықтырушылары мен облыстық сайлау комиссиясының сертификатталған мүшелері, сондай-ақ жергілікті жерлердегі, яғни қалалар мен аудандардағы аумақтық сайлау комиссияларының сертификатталған мүшелері көшпелі отырыстық оқыту семинарларын ұйымдастыру арқылы 31 мамырға дейін учаскелік сайлау комиссияларыныңбосатылмаған 3650 мүшесін оқытатын болады.

Бейнеконференция байланысы режиміндеОрталық сайлау комиссиясының фильмін пайдалана отырып, талдау және болжау институтының және облыстық сайлау комиссиясының сертификатталған мүшелері оқыту семинарларын өткізеді.

– Сайлаушылар тізімі нақтыланды ма? Азаматтар өздерінің тізімде бар-жоғын қалай біле алады?

– 9 маусымға тағайындалған Президенттің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 20 мамырда әкімдіктер тиісті сайлау комиссиясына акт бойынша тиісті әкімнің қолы қойылған әр сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін ұсынды.Азаматты нақты сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болады.

25 мамырдан бастап ел азаматтары тіркелу орны бойынша сайлау учаскесіндегі тізімнен өздері туралы енгізілген деректердің дұрыстығын тексере алады. Қателіктер жіберілген немесе сайлаушылар тізіміне енгізілмеген жағдайда азамат учаскелік сайлау комиссиясына өтініш бере алады, өтініш түскен күні қарастырылады.

Бұдан басқа, елді мекеннен тыс жерге шыққан жағдайда, елдің кез келген учаскесінде дауыс беру үшінел азаматына дауыс беру құқығын есептен шығару куәлігін береді.Азамат тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беру арқылы және жеке куәлігі негізінде 25 мамырмен 8 маусым аралығындаесептен шығару куәлігін ала алады.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button