Шаһар шаруашылығы
Өскеменде жылу желілерін жөндеу жұмыстары басталды
Облыс орталығында алдағы жылу маусымына дайындық басталып кетті.
Биыл Өскемендегі жылу желілерін жөндеуге 1,2 млрд теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды Didar ақпарат.
– Жылу желілерінің жұмысын бастап кеттік. Қазір барлық жұмыстың 20%-ы аяқталды. Ал қалған бөлігін қыркүйектің ортасына дейін бітіру көзделген, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Айта кетелік, бөлінген қаражат жылу желісін толықтай жөндеуге жетпейді. Сондықтан тек ең қауіпті деген аймақтар ғана жөнделмек.