Шаһар шаруашылығы

Өскемен ЖЭО-ында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қала әкімі Жақсылық Омар Өскемен ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.

Өскеменді жылумен қамтамасыз етіп отырған аталмыш орталықты жөндеуге 7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Бұл туралы «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Айдын Бексолтан мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– «Өскемен ЖЭО» – облыстағы ең ірі жылу электр орталығы. Қазір станцияда тоғыз қазандық агрегаты және сегіз турбина агрегаты жұмыс істейді. Біз жыл сайын жылыту маусымы аяқталғанда ЖЭО-ның тозығы жеткен жабдықтарын алмастырып отырамыз, – дейді «Өскемен ЖЭО» ЖШС бас директоры Айдын Бексолтан.

Шаһар басшысы орталықтағы жөндеу жұмыстарының алдағы жылыту маусымына дейін толық аяқталуын қадағалауды тапсырды.

– «Өскемен ЖЭО» қаланың 80%-ын жылумен қамтамасыз етеді. Біздің басты мақсатымыз – жаз айын тиімді пайдаланып, ЖЭО-ның жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтау. Бұл жердің жұмыстары біздің бақылауда. Қаламызда өткен жылдағыдай мәселе болмауы тиіс, – деді Жақсылық Омар.

Айта кетелік, қазір мұнда 250-ден аса адам жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Осы айдарда

Back to top button