Жауап береміз

Орыс тілінен сабақ бере аламын ба?

  • Төрт жыл орыс мектебінде мұғалім болып істедім. Жоғары мамандығым педагогпсихолог, бастауыш сынып мұғалімі ретінде екінші мамандықты колледжде алдым. Сонан кейін үш айлық курс аяқтадым. Қайта даярлау институты маған орыс тілі және әдебиеті мұғалімі деген куәлік берді. Енді осы куәлік бойынша мен мектепте орыс тілі мұғалімі ретінде жұмыс істей аламын ба?

 Гүлзира Халелқызы

Катонқарағай ауданы.

 Сіздің сұрағыңызға еліміздің Оқу-ағарту министрлігі төмендегідей жауап берді:

– Білім және ғылым министрінің  2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 (2022 жылғы 31 наурыздағы № 121 өзгерістермен) бұйрығына сәйкес барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын біліктілік талабы – тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат болуы қажет.

Осыған орай сіз орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде жұмыс істеу үшін Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №110 «Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жоғары педагогикалық оқу орындарында қайта даярлаудан өтуіңіз қажет.

Осы айдарда

Back to top button