Денсаулық сақтау

Онкология орталығы жаңа заманауи аппаратпен толықты

Айна Ескенқызы 

Облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы заманауи «Mindray Resona 7» диагностикалық жүйесімен толықты. Аппарат әйелдердің қатерлі сырқаттарын ерте диагностикалау мақсатында қолданылады. Оның кәдімгі УДЗ аппаратынан айырмашылығы – визуалдаудың жоғары сапасы және кеңейтілген мүмкіндіктерінің болуы. Бағасы аса қымбат жабдық «Казцинк» компаниясының қолдауымен сатып алынды.

     – Соңғы бес жылда облысымыздың онкологиялық қызметі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Оперблоктар, гинекология және маммология бөлімшелері, реанимация бөлімшелері жаңғыртылды. Бұл бөлімшелер аз инвазивті оталарды жасау үшін қажетті барлық озық жабдықтармен, сондай-ақ қатерлі ісіктің кеш кезеңдерінде біріктірілген күрделі операциялар жасау үшін қажетті заманауи  жабдықтармен жарақтандырылған. Бүгінгі таңда біздің мақтанышымыз – сәулелі терапия орталығы 3,0 тесла МРТ аппараты, 128 тілікті КТ аппараты, ең жаңа модельді сызықтық үдеткішімен қамтамасыз етілген. Осылайша, шығысқазақстандықтар өңірден шықпай-ақ жоғары мамандандырылған ем ала алады, – деді онкология және хирургия орталығының директоры Анна Кухарева.

Ультрадыбыстық зерттеу онкологияны емдеуде кеңінен қолданылады, өйткені бұл – неғұрлым қауіпсіз, ақпараттық және бастапқы диагностиканы жылдам қоюға мүмкіндік беретін әдіс. Жаңа УДЗ аппараты жиі-жиі істен шыға берген ескі жабдықтың орнына орналастырылып, әйелдердің сүт безі ісігін ерте анықтау үшін қолданылуда.

     – Әлем бойынша әйелдердің сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Сол себепті заманауи аппаратты осы дертті анықтауға пайдалануды жөн көрдік. Қазір біздің жетекші онкомаммолог Инна Чертищева пациенттерді қабылдай бастады. Жыл сайын өңірде 40-тан 70 жасқа дейінгі 55 000 мыңға жуық қыз-келіншек скринингтік тексеруден өтеді, – деп толықтырды Анна Кухарева. – Олардың он пайызына неғұрлым терең зерттеулер қажет. Біз осы аппаратты сатып алған азғана уақыт ішінде мамандар өңірдің бірнеше әйелінен сүт безі қатерлі ісігінің ерте сатысын анықтай алды. Дер кезінде қойылған диагноздың арқасында олардың сауығып кету мүмкіндігі өте жоғары.

Дәрігерлер қатерлі ісікті оның пайда болуының ерте сатысында нақты болжай алады. «Mindray Resona 7» аса ұсақ детальдарды көруге және көлемі үш миллиметрге жуық ісікті анықтауға қабілетті. Тағы бір тиімділігі – ісікті 3D, 4D форматтарында көруге болатындықтан науқастан тексеру кезінде бірден биопсия алуға болады.

     – Денсаулық сақтау объектілерін жаңа жабдықтармен жарақтандыру – біздің әлеуметтік қызметіміздің басым бағыттарының бірі, – дейді «Казцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев. –Біз қашанда мемлекеттік мекемелер үшін ең заманауи жабдықтар сатып алуға тырысамыз, өйткені озық медицина әрбір шығысқазақстандық үшін қолжетімді болуы керек. Жаңа УДЗ аппаратының арқасында емдеу сапасының бұдан да жақсара түсеріне және дәрігерлердің көптеген адамдарды ажалдан құтқарып қаларына сенім мол.

Осы айдарда

Back to top button