Біле жүріңіз

Өшірілген хаттарды оқи аласыз

WhatsRemoved+ – әлеуметтік желіде өшірілген хаттарды іздеуге және қалпына келтіруге арналған қосымша. Бұл арқылы сіз маңызды нәрсені қалт жібермей, барлық келіп-кеткен хатты қарап шығасыз.

Бұл қосымша хабар алмасу үшін қолданылатын барлық әлеуметтік желіге жарамды. Хат, дыбыстық хабарлама, фото, видео және құжаттарды қалпына келтіреді. Оны қолдану үшін пароль немесе саусақ ізін пайдаланасыз. Қосымша тегін жұмыс істейтінін айта кетейік. Алайда экранға шығып тұратын жарнамаларды ақы төлеп қана тоқтата аласыз.

Қосымшаны қолдану тәсілі қарапайым. Бірінші, интернет-дүкеннен жүктеу, екінші, өзіңіз қалаған әлеуметтік желіге енуге рұқсат беру және үшінші, өшірілген хаттардың қалпына келгенін тосу керек.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button