Шаһар шаруашылығы
Облыс орталығында жол жөндеудің екінші кезеңі басталады
Өскеменде орташа жол жөндеу жұмыстары жалғасады.
Сәуір айынан бастап жүргізілген осындай жол жұмыстарының бірінші кезеңі аясында қала көшелерінің 17-сі орташа жөндеуден өтті, деп хабарлайды Didar ақпарат.
– Қазір екінші кезеңді бастауды жоспарлап отырмыз. Жұмыс жүргізілетін бірінші аумақ – Үлбі көпірі және Сағадат Нұрмағамбетов көшесі (Бұрынғы Орджоникидзе). Жол төсемін ауыстыратын қалған учаскелерді арнайы комиссия анықтайды, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Ынтымақ Толқын