Саясат

Облыс әкімі Елбасының қабылдауында болды

  Облыс әкімі Елбасының қабылдауында болды

Кеше Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Ақордада Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВТІ қабылдады.
Кездесуде Даниал АХМЕТОВ Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ, аймақтағы аграрлық сектордың дамуы жөнінде баяндады.
Президент әлемдік экономикадағы қиындықтар елдегі ахуалға әсерін тигізіп отырғанын айтты. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ елдің ірі өнеркәсіптік орталығы болып саналатын Шығыс Қазақстан облысы үшін осы кезеңді жаңа жағдайда айтарлықтай ауыртпалықсыз өткеру маңызды екеніне тоқталды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі өнеркәсіп саласындағы жағдайды баян етті.
– Өнеркәсіп өнімінен басқа әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің бәрі алдыңғы кезеңдегіден жоғары. Бұл бірінші кезекте валюта нарығындағы жағдайға байланысты. Бірақ бүгінгі таңда ахуал оңалып келеді. Мысалы, «Қазмырыш» кәсіпорынында бірінші жартыжылдықта өнім өткізудегі іркіліс 10 миллиард теңге болған, қазір ол 3 миллиард теңгеге дейін қысқарды, – деді Даниал АХМЕТОВ.
Сонымен қатар Даниал АХМЕТОВ «АЗИЯ АВТО» зауытындағы жағдай туралы да айтты.
-Рубльмен арадағы баға айырмасына байланысты зауыт сатылымнан 55 миллиард теңге зиян шекті, бұл шамамен 12 мың машина. Қазір бұл мәселе де шешіліп жатыр. Валюталық теңгерімді қалпына келтіру арқасында біздің автомобильдердің сатылымы өсіп келеді, – деп атап өтті облыс әкімі.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Аkorda.kz

Осы айдарда

Back to top button