Саясат

«Нұр Отанның» төсбелгісімен марапатталды

1-наурыз – «Нұр Отан» ХДП-ның құрылған күні. Қазіргі күні елімізде бұл партияның 900 мыңнан астам мүшесі бар. Осынау мерекелі күнге орай партияның облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВҚА «Нұр Отан» ХДП-ның жоғары наградасы табыс етілді.

«Нұр Отанның» төсбелгісімен марапатталдыОблыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВҚА «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін «Нұр Отан» ХДП-ның Астанадағы орталық аппаратында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбектің өзі салтанатты түрде табыс етті.

– Біздің партияның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалына жоғары деңгейде басшылық жасағаны үшін «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ атынан және политбюроның шешімі бойынша осынау мереке күні Бердібек САПАРБАЕВҚА партияның жоғары «Белсенді қызметі үшін» наградасын тапсыруға рұқсат етіңіздер, – деді Бауыржан Бәйбек. Ол өзінің құттықтау сөзінде «мемлекеттің басты құндылығы – өзінің туған жері мен елі үшін бар күш-жігерін аямай қызмет ететін адамдар екенін» де ерекше атап өтті.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button