Назарбаев даңғылындағы 6 үйдің қасбеті жөнделуде
Облыс орталығындағы үйлердің қасбетін жаңарту жұмыстары қарқынды жүруде.
Жоспар бойынша биыл 32 үйдің қасбеті жөнделуі тиіс, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Өскеменде қазір 21 үйдің әрлеу жұмыстары толығымен аяқталған. Ал алты үйдің жөндеу жұмыстары енді басталды.
-Қаладағы 100 үйдің қасбетін жөндеу жоспарланған болатын. Биылғы маусымда 32 үй жөнделеді. ҚАлғанын келер жылға жоспарлаймыз. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан үйлерді қосқанда 27 үй дайын десек болады. Тағы 5 үйге қаражат бөлінді. Олардың жөндеу жұмыстары жақын арада басталады. Қазіргі жұмыстарды алматылық мердігерлер істеуде, -деді қала әкімі Жақсылық Омар.
Сонымен қатар әкім тек назарбаев даңғылындағы үйлер ғана емес орталықтағы көпқабатты тұрғынүйлердің де қасбетін жөндеу жоспарда бар екенін айтты.
Ынтымақ Толқын