Шаһар шаруашылығы

Металлургтер саябағындағы жөндеу жұмыстары қашан бітеді?

Облыс орталығындағы металлургтер саябағының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Тұрғындардың сүйікті орыны қала күніне орай толық ашылады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Металлургтер паркіндегі жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Мердігерлердің айтуынша саябақтағы жұмыстар ай соңына дейін толығымен аяқталмақ.

-Мұндағы скейт алаңының құрылысы жақында ғана аяқталған болатын. Бұл жер қазірдің өзінде балалардың сүйікті орнына айналып өлгеріпті. Бұл өте жақсы. Жалпы металлургтер саябағы біресе, жекенің біресе үкіметтің қолында болып, дұрыс жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді. Қазір саябақ толығымен үкімет меншігіне өтіп, мемлекет қаражатына жөндеу жүргізу мүмкіндігі туды. Алда келе жатқан қала күніне орай осы жердің ашылу салтанатын жасасақ па деп жоспарлап отырмыз, -дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Ынтымақ Толқын  

Осы айдарда

Back to top button