Цифрлық Қазақстан

Мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді?

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының облыстық филиалы Конституция күніндегі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимі туралы хабарлады.

– 30 тамыз биыл сейсенбіге сәйкес келіп отыр, осыған байланысты демалыс күні сенбіден дүйсенбіге, яғни 27-інен 29-ына ауыстырылды, – дейді филиалдың баспасөз қызметі.

Осыған байланысты 27 тамызда ХҚО-лар9-дан 18-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 9-дан 20-ға дейін жұмыс істейді.28-30 тамыз аралығында ХҚО-лар жұмыс істемейді.

Өзге күндері жұмыс кестесі со қалпы сақталады. Жұмыс күндері кезекші ХҚО-лар сағат 9-дан 20-ға дейін, ал сенбі күні сағат 9-дан 13-ке дейін істейді. Қалған ХҚО бөлімдерінің жұмыс кестесі – дүйсенбі-жұма сағат 9-дан 18-ге дейін.

Ержан Кеңесұлы

 

Осы айдарда

Back to top button