Цифрлық Қазақстан

Өскеменде халықпен кері байланыс жасайтын онлайн-сервис іске қосылады

Облыс орталығында тұрғындармен кері байланыс жасау үшін жаңа онлайн-сервис енгізу жоспарланып отыр.

Осы сервистер арқылы қала тұрғындары әкімдікпен қоқыс шығару, коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы мен жолдарды орташа жөндеу мәселелері туралы кері байланыс жасай алады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Естеріңізге сала кетейік, көктемде қала әкімдігі “100 күнде 10000 жұңқыр” телеграм арнасын таныстырған болатын. Тұрғындар бот арқылы жол шұңқырларын суретке түсіріп, оны жөндеуге өтінім тастай алады. Қазіргі уақытта осы телеграм-бот арқылы қаладағы 5386 шұңқыр жөнделген.
Қала әкімі Жақсылық Омар халықпен кері байланыс орнататын осындай жобалар көп болуы керек екенін атап өтті.

– Қоқыстарды шығару, жолдарды орташа жөндеу, қалалық коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы бойынша да осындай жобалар қолға алынады. IT мамандары жаңа онлайн-сервисті әзірлеумен айналысатын болады. Жақын арада олар бізге өз ұсыныстарын көрсетеді, біз дұрысын таңдап, әкімдік жұмысына енгізетін боламыз, – дейді қала басшысы.

Ләззат Қанатқызы

Осы айдарда

Back to top button