Медиахолдингке фототілші қажет

«Шығыс ақпарат» ЖШС бос тұрған фотокорреспондент лауазымына конкурс жариялайды.
Талаптар:
– фотография, кино-бейнетүсіру және осы салаға жақын мамандықтар бойынша білімі немесе фото-бейнетүсіру тәжірибесі болуы керек;
– жарық түсіру дағдыларын меңгеру, ракурс таңдау, портреттік суреттерді, қозғалыстағы динамикалық суреттерді түсіру, сюжетті түсіну, жағдай өзгерген кезде кадрды анықтау, фотосуретті өңдеу, түсіру жағдайына байланысты объективпен және диафрагмамен жұмыс істеу, фото-дизайнның барлық дағдыларын білу.
Жауапкершілік және міндеттер:
– оқиға орнынан фото және видео түсіру;
– статикалық түсірілім;
– қозғалыста түсіру;
– бағдарламаларды пайдаланып фотосуреттерді өңдеу;
– сахналық түсірілім;
– фоторепортаждар, фотогалереялар құру;
– репортермен бірге жұмыс барысында түсіру;
– фотосессиялар өткізу.
Еңбекақы: әңгімелесу кезінде (280 000 теңгеден төмен емес) нақтыланады.
Жұмысқа орналасу тәртібі:
– Еңбек кодексіне сәйкес келісімшарт (штаттық қызметкер);
– ақылы қызмет көрсету келісімшарты (штаттан тыс).
Конкурсқа қатысу үшін:
– жұмыс тәжірибесі, дағдылары, оның ішінде жеке жобалардағы жұмысы сипатталған түйіндеме; жұмыс орнының сайты немесе телефоны;
– электронды фотосуреттер портфолиосы: 3 портреттік, 3 қозғалыста, 3 үй-жайда, 3 ашық кеңістікте, табиғатта, елді мекен көшелерінде;
– бұрынғы жұмыс орындарынан және жобалардан ұсыныстар (плюс болады);
– білімі туралы құжат;
– жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі).
Көрсетілген құжаттар otdelkadr@mail.kz электронды мекенжайына жіберілсін
Сіздің электронды хабарламаңыз конкурсқа өтінім болып саналады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.10.2023 ж. бастап 05.11.2023 ж. дейін.