Еліміздің еңбек нарығына талдау жүргізіліп, техникалық және кәсіптік салада тапшы мамандықтардың тізімі жасалды.
Оқу-ағарту министрлігі еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсіптік мамандықтардың тізімін жасады. Көшбасында аспаз, сатушы және автомеханиктер тұр. Сондай-ақ тамақтану, логистика, медицина, ауыл шаруашылығы, құрылыс және ТҮКШ саласында білікті мамандар қажет екен, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Өңірлер бойынша талапкерлер үшін басым мамандықтар тізімі:
- 2560 аспаз (Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы);
- 1678 сатушы (Абай, Ақмола облыстары мен Астана қаласы);
- 1589 автомеханик (Абай, Ақмола, Атырау облыстары мен Алматы қаласы);
- 1492 тігінші (Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласы);
- 1388 маркетолог (Алматы, Астана қалалары мен Қызылорда облысы);
- 1131 тракторист-машинист (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстары);
- 1030 бухгалтер (Ақмола, Түркістан облыстары мен Астана қаласы);
- 750 электр газбен дәнекерлеуші (Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Абай облыстары);
- 617 кондитер (Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы);
- 608 тәрбиеші (Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы);
- 604 телекоммуникация технигі (Алматы қаласы мен Павлодар облысы);
- 549 аппаратшы-гидрометаллург (Шығыс Қазақстан облысы);
- 548 медбике (Ақмола, Абай облыстары, Алматы қаласы);
- 527 дәнекерлеуші (Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстары).