Мамандық

Инклюзивті білім беру саласында қажет мамандарды оқытады – ШҚО

ШҚО-да ерте жастан дамыту педагогтары мен эрго-педагогтар оқытылады.

Жаңа заман жаңа мамандарды қажет етеді. Елімізде  3 жасқа дейінгі балалармен жұмыс істейтін ерте жастан дамыту педагогтары мен эрго-педагогтар жетіспейді екен. Осыған байланысты Шығыс Қазақстанда инклюзивті білім беру саласында сұранысқа ие мамандықтарды оқытатын болады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Биыл аймақтағы жалғыз инклюзивті орта мамандарын дайындаумен айналысатын ЖОО – С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Ерте жастан қолдау педагогикасы» мамандарын даярлауды бастайды. Білім беру бағдарламасы дамудың ерте ерекшеліктерін бағалауда және дайындықты жобалауда маманның құзыретін қалыптастырады.

– Статистикаға сүйенсек, жаңа туған нәрестелердің тек 2%-нда түрлі ауытқушылық анықталады. Тек, 8-9 жаста ондай балалардың саны 10%-ға дейін артады. Бұл дегеніміз балалардың 8%-нда ерте жасынан кемістікті байқай алмаған және қажетті көмек көрсетілмеген, – дейді Дүниежүзілік банк қаржыландыратын «ҚР Педагогикалық білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ЖОО-дары педагогикалық әзірлеушілер командасының жетекшісі Светлана Стельмах.

Екінші сұранысқа ие мамандық – эрго-педагогика. Ол церебралды сал ауруы және тірек-қимыл аппаратының басқа да бұзылуы бар балалармен жұмыс істеуге бағытталған. «Эрго-Педагогика» түлектері даму ерекшеліктері бар баланың мағыналы іс-әрекетін дамыту бағдарламаларын әзірлеумен және жүргізумен айналысады.

– Алайда біздің елде бейімдік дене шынықтыру мамандары оқытылмайды. Сондықтан біз «Эрго-педагогика» бағдарламасына үлкен бір модульді енгіздік. Болашақта эрго-педагог түлектеріміз бұл жоқтың орынын толтыра алады деген сенімдемін, – деп атап өтті Светлана Стельмах.

ШҚУ-да «ҚР педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 оқу жылынан бастап оннан аса білім беру бағдарламасы енгізілмек.

Back to top button