Майра Бейсеқанова, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы:
– Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі Жамбыл облысының Қордай ауданындағы келеңсіз жағдайды ауыр қабылдап, әр ананың жүрегіне қатты батқанын жеткізеді.
Кез келген елде болған қарулы қақтығыстар ең алдымен аналар мен балаларға қатты батады, себебі аналарға баласының табанына кірген әр тікен олардың жүрегіне қадалатыны шындық қой.
Ең алдымен жастарды сабырға шақырамыз, бәзбіреулердің арандатушылықтарына ермесін, ел ішіндегі, соның ішінде әр үйдің шаңырағына бейбіт заманда қайғы-мұң әкелмесін.
Ел бірлігіне нұқсан келтірілмесін, ел ішіндегі тыныштық бұзылмасын!
Қазақ әрдайым ашуын ақылмен, сабырмен жеңген халық қой, сондықтан ұлылығымызды тағы бір көрсетіп, себепсіз қантөгістен, ұлтаралық қатығыстардан аулақ болайық!
Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман болсын, ел болашағы – жастарымыз қиын сәтте сабыр сақтасын дейміз!