Жолдау жол нұсқайдыПікірлер

Судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес – Анаргүл Шәріпханова

Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.
«Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет. Дегенмен біз дәл қазіргі жағдайда жаңа тариф саясатынан да аттап өте алмаймыз. Әбден ескірген инфрақұрылым әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы», – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, суды барынша үнемдеуіміз қажет, ал оны нормативтен артық жұмсағандар ақысын жоғары тарифпен төлеуі керек.
Биология ғылымдарының кандидаты Анаргүл Шәріпханова Жолдаудың осы тұсына қатысты өз пікірін білдірді:
– Бір сөзбен айтсақ, суды барынша үнемдеуіміз қажет. Оған қоса судың «көлеңкелі» нарығы түбірімен жойылуға тиіс. Халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс. Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Жолдау барысында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтіні де белгілі болды. Сондай-ақ Президент Қазақстанның су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалатынын қоса айтты. Біздің су қорымыз барлық Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ. Жаңа министрліктің алдында үлкен міндеттер тұр. Қазақстан президенті кезекті жолдауында су ресурсына, оны үнемдеу қажет екеніне ерекше тоқталды. Осы ретте айта кетейін С.Аманжолов атындағы ШҚУ гидрогеология менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі білім беру бағдарламасы биылғы оқу жылында ашылып, оқу жүйесі су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешуге бағытталған. Демек алдағы уақытта Президент өз жолдауында айтып өткендей еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалмақ. Ал біздің университет қабырғасында білім алатын студенттер 4 жылдан кейін трансшекаралық су қауіпсіздігі бойынша сүбелі үлестерін қосады деген сенімдемін. Жинаған тәжірибемізді арттырып, салаға қажет кадрлар даярлау ісіне басымдық береміз.
Айта кетейік Қазірдің өзінде отандық ғалымдар су ресурстарын үнемдеу, атом энергетикасын дамыту сияқты маңызды бағыттарда ғылыми ізденістер жүргізуде.

Осы айдарда

Back to top button