Жолдау жол нұсқайдыПікірлер

Самат Байгереев: Көлік министрлігін қайта құру – маңызды шешім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Самат Байгереев, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Халықаралық инженерия мектебі деканының орынбасары:

– Президенттің Жолдауын қызығушылықпен тыңдадым, еліміз үшін өзекті мәселелер айтылды. Мемлекет басшысы көлік саласында Ресей және ҚХР ынтымақтастықта жұмыс істелінетінін, Көлік министрлігі қайта құрылытанынын айтты. Мен үшін маңызды шешім, өйткені Қытай халықтық республикасымен ынтымақтастық аясында біздің университетімізде “Лу Бань шеберханасы” жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба бойынша Д. Серікбаев ШҚТУ-дың 15 оқытушысы Тяньцзинь кәсіптік институтына (Тяньцзинь қаласы) барып, оқып келдік. Қытайда автомобиль саласы өте дамыған, сол елде автомобильді де, электрмобильді де және гибридтік автомобильдерді де кездестірдік. Оқу бағдарламасында дәстүрлі автомобильдердің, электрмобильдердің және гибридтік автомобильдердің конструкциясын, техникалық қызмет көрсетуін, жөндеуін және диагностикалауы қарастырылған болатын. Сонымен қатар Президент көршілерімізбен ынтымақтастықты үзбей, Парсы шығанағына шығаратын жаңа жолдарды дамыту туралы да сөз қозғады. Жаңа бағыттағы жолдар сауда-саттық пен экономикамыздың дамуына игі ықпал етері сөзсіз.

Осы айдарда

Back to top button